ФРК әдісі арқылы көруді лазерлік түзету
Бір кездері ФРК әдісін қолдану арқылы көруді лазерлік түзету (фоторефракциялық кератэктомия) офтальмологиядағы нағыз жаңалық болды. Шынында да, оның пайда болуына дейін миопия, гиперметропия немесе астигматизммен мүйізді қабықтың қалыпты пішінін қалпына келтіру операциялары лазерлік емес, «пышақ» технологияларына негізделіп жасалынды. Бірақ 1985 жылы бірінші процедурадан кейін бұл техника бүкіл әлемде кеңінен қолданыла бастады.
Дегенмен, бүгінгі күні тиімдірек және қауіпсіз әдістердің пайда болуымен, ФРК (фоторефракциялық кератэктомия) басқа әдістермен түзетуге қарсы көрсетілімдері бар науқастарда жақсы нәтижеге жету үшін салыстырмалы түрде сирек, ерекше жағдайларда ғана тағайындалады. Ал қазіргі процедура 40 жыл бұрын жүргізілгеннен айтарлықтай ерекшеленген. Мысалы, бүгінде пациенттер процедурадан кейін арнайы қорғаныс линзаларын киеді, бұл көздің қалпына келі кезеңін қысқартады және ауырсынуды айтарлықтай азайтады. Ал заманауи лазерлік жүйелер ФРК (фоторефракциялық кератэктомия) асқыну қаупін барынша азайта отырып жасауға мүмкіндік береді.
ФРК әдісін қолдану арқылы көруді лазерлік түзетудің ерекшеліктері (фоторефракциялық кератэктомия)
Операция принципі – қасаң қабықты қалпына келтіру үшін мүйізді қабықтың эпителийін толығымен алып тастау. Процедура барысында мүйізді қабық жарықтың дұрыс өтуін үшін қажетті параметрлерді қоса отырып эксимер лазерімен қайта қалпына келтіріледі.
Айта кету керек, фоторефрактивтік кератэктомия өте жұқа қасақ қабығы бар науқастар үшін қолайлы, өйткені ол оның беткі қабатынан қақпақ жасамайды. ФРК (фоторефракциялық кератэктомия) бойынша көруді лазерлік түзетуді қолдану шегі:
- Миопия (жақыннан көргіштік) – -1,0-ден -6,0 диоптрге дейін;
- Астигматизм – -3,0 диоптрге дейін;
Операция бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады
Эпителийді лазермен жою;
Мөлдір қабық бетінің қисаюын лазермен дәл түзету;
Көздің қасаң қабығына қорғаныш контактілі линза қойылады, оның астында эпителийдің регенерациясы жүреді.
Операцияны екі көзге де жасау 10 минутқа созылады. Операциядан кейін 2-3 күн ішінде науқаста аздап қолайсыздық пен ауырсыну болады. Пациентке дәрігерге бір немесе екі рет баруға рұқсат, ал қалған күндері үйде демалу керек. Негізгі оңалту кезеңі шамамен 7-10 күнге созылуы мүмкін, науқасқа белгілі бір жүйе бойынша бірнеше аптаға дейін арнайы тамшылар тағайындалады. Максималды көру қабілеті біртіндеп қалпына келеді. Процедурадан кейінгі асқынулар сирек кездеседі, сонда да офтальмологтың ұсыныстарын қатаң сақтау қажет.
ФРК әдісінің артықшылығы (фоторефракциялық кератэктомия)
ФРК(фоторефрактивтік кератэктомия) көруді түзетудің ең қарапайым әдісі болып табылады. Бірақ бұған қарамастан, оның көптеген артықшылықтары бар:
- Жоғары тиімділік;
- Салыстырмалы болжамды нәтиже;
- Қолжетімді баға;
- Күрделі факторлармен операцияларды орындау мүмкіндігі
Кемшіліктері: қалпына келтіру кезеңі сәл ұзағырақ болуы , көптеген шектеулер қойылуы, 2-3 күн ішінде ауырсынудың болуы.
«ASTANA VISION» клиникасында ФРК әдісі бойынша көруді лазерлік түзетуді жүргізу
ФРК (фоторефракциялық кератэктомия) кезінде пациент үшін қауіптерді, ауырсынуды және ыңғайсыздықты азайту үшін ASTANA VISION желісі StreamLight™️ Trans-PRK «No Touch» құрылғысын қолданатын ең жеңіл процедураны пайдаланады. Бірақ бұл тәсілмен де операциядан кейінгі оңалту кезеңі бірнеше аптаға созылады.
Дегенмен, біздің дәрігерлер операцияға дейін де, одан кейін де барлық қажетті ұсыныстарды береді. Олардан кейін пациент процедурадан кейінгі ыңғайсыздықты ең төменгі деңгейге дейін азайта алады.
Фоторефрактивтік кератэктомия туралы қосымша ақпарат керек пе? Сіз маманның қабылдауына жазылғыңыз немесе кеңес алғыңыз келе ме? Өзіңіздің қалаңыздағы қызмет құнын нақтылаңыз? ASTANA VISION желісінің менеджерлері барлық сұрақтарыңызға телефон арқылы, веб-сайт (чат, «Кері байланыс»), әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы, сондай-ақ Қазақстанның ірі қалаларындағы клиника кеңселерінің бірінде жауап береді.
Записаться на приём
Оставьте свои данные и с Вами обязательно свяжутся!