Балалардағы миопия.Оны бақылау әдістері
Кіріспе
Көптеген оқушыларда миопияның дамуынан көздің көру қабілетінің нашарлауы байқалады, бұл осы жастағы кең таралған мәселе. Мектеп жасындағы балалар арасында миопия жиі кездеседі, және қазіргі уақытта бұл ғаламдық денсаулық сақтау мәселесіне айналған. Әлемде 30%-дан астам адам миопиядан зардап шегеді, ал 2050 жылға қарай бұл ауру әлем халқының жартысына, яғни шамамен 5 миллиард адамға тән болады деп болжануда [10]. Миопияның дамуы глаукома, катаракта, миопиялық макуланың дегенерациясы, торлы қабаттың ажырауы және хориоидеаның миопиялық жаңа тамырлануы сияқты асқынулардың пайда болу қаупін арттырады [9]. Бұл жағдайлар ересек жаста көру қабілетінің қалпына келмейтіне және нашарлауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, миопия балалардың жалпы өмір сүру сапасына теріс әсер етеді, олардың оқу үлгеріміне, физикалық белсенділігіне, әлеуметтік өзара әрекеттесуіне және тіпті болашақ мамандығын таңдауына әсер етеді. Көбінесе миопия балаларда мектеп жасында, баланың тақтадан оқуы немесе басқа әрекеттерді орындау кезінде қиындықтар көріне бастаған кезде анықталады, және көзге ауыртпалық түсіру қашықтықтан көру қабілетінің нашарлауы сияқты қолайсыздық тудырады. Осыған байланысты, миопияның дамуын баяулататын немесе тоқтататын әдістерді жасау және енгізу маңызды міндет болып табылады [8.7]. Бұл шолуда балалар мен жасөспірімдерде миопияны бақылаудың әртүрлі әдістері қарастырылады.
Ортокератология
Ортокератология — бұл миопияны уақытша түзету және оның дамуын бәсеңдететін негізгі әдісі, ол арнайы «қатты» контакттілі линзаларды пайдалану арқылы жүзеге асады. Бұл линзалар түнде көзге киіледі. Бұл әдістің мақсаты — қасаң қабығының қысымын арттырып, оның қисықтығын уақытша түзету [3]. Белгілі бір геометриясы бар линза ұйқы кезінде көзге киіліп, таңертең шешіледі, және емделуші күндіз қосымша оптикалық түзетуді қажет етпейді.
6 диоптрияға дейінгі миопияның түзетілуі қасаң қабығынын құрылымын өзгерту арқылы қол жеткізіледі: орталық аймақтың және орташа перифериялық эпителийдің жұқаруы, сондай-ақ строманың қалыңдауы [4]. Ортокератология миопияның алдын алуы жайлы, қазіргі уақытта оның тиімділігін үлкен топтарда растайтын ауқымды рандомизацияланған зерттеулер жоқ.
Миопияны бақылауға арналған дефокус линзалары (OKVision PRIMO BIO)
Жұмсақ контактілі линзалардың профилактикалық әсері ортокератологияға ұқсас механизмдерге негізделеді (перифериялық миопиялық дефокус), бірақ ортокератологиядан айырмашылығы, олар қасаң қабықтың пішінін өзгертпейді, бейімделуді талап етпейді және қажет болған жағдайда әдеттегі көзәйнектерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл линзалар балалар мен жасөспірімдерге тек жақсы көру қабілетін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар перифериялық миопиялық дефокус қалыптастыруға көмектеседі, бұл миопияның дамуын баяулатуға ықпал етеді [2].
Көзәйнек линзалары STELLEST
Миопияны түзетудің оптикалық әдістері, соның ішінде көзәйнектер, қазіргі офтальмологияның ажырамас бөлігі болып табылады. Миопияны түзету және миопиялық дефокус жасау үшін оптикалық құралдарды қолдану миопияның дамуын баяулатуға көмектеседі [9]. Мұндай шешімдердің бірі —домалақ микролинзалармен жабдықталған. Stellest көзәйнек линзалары, олар миопияның дамуын баяулататын жарық сигналын жасайды. Stellest линзаларында көздің көру қабілетінің айқындылығы бірфокалды линза бетінің арқасында қамтамасыз етіледі, ал миопияны бақылау линзаның бетіне орналасқан микролинзалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл линзаларда 11 концентрлік сақинада орналасқан 1000-нан астам микролинза бар. Өндірушінің мәліметі бойынша, микролинзалардың жоғары асферикалық пішіні олардың торлы қабатта градиентті миопиялық дефокус жасайтынын көрсетеді, бұл көздің өсуін баяулатуда жазық дефокусқа қарағанда айқынырақ әсер етеді. Орталықтан перифериялық сақиналарға қарай оптикалық күштің артуы нәтижесінде миопиялық дефокус торлы қабаттың ортасында және перифериясында бірдей қарқындылыққа ие болады, бұл тұрақты баяулататын әсерге ықпал етеді.
Қорытынды
Миопияның әлем бойынша үнемі артып келе жатқаннын ескере отырып, балалардағы оның дамуын және прогрессиясын бақылау өте маңызды. Бұл шолуда миопияны бақылаудың ғылыми негізделген әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін негізгі қауіп факторлары келтірілген. Демек, миопияны тиімді бақылау оның бастапқы кезеңін баяулатуға мүмкіндік туады, бұл қазіргі уақытта таза ауада өткізілген уақытты көбейту, жақыннан жұмыс жасау уақытын қысқарту және оқу мен демалысты үнемі алмастыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл профилактикалық шаралар мектеп тәжірибесіне және білім беру мекемелеріне енгізілуі керек, сондай-ақ миопияның қауіп факторлары туралы хабардар болуын арттыру үшін кеңінен тарату қажет.

МИОПИИ У ДЕТЕЙ РАННЕГО И СТАРШЕГО ВОЗРАСТА.МЕТОДЫ КОНТРОЛЯ
Введение
У многих школьников наблюдается ухудшение зрения из-за развития миопии, что является довольно распространенной проблемой в этом возрасте. Миопия среди детей школьного возраста встречается часто, и на данный момент она представляет собой глобальную проблему общественного здравоохранения: в мире более 30% людей страдают от близорукости, и по прогнозам, к 2050 году близорукость будет наблюдаться у половины мирового населения, то есть у около 5 миллиардов человек[10]. Прогрессирование миопии увеличивает риск таких осложнений, как открытоугольная глаукома, катаракта, миопическая дегенерация макулы, отслоение сетчатки и миопическая неоваскуляризация хориоидеи[9]. Эти состояния могут привести к необратимому ухудшению зрения в зрелом возрасте.Кроме того, миопия отрицательно сказывается на общем качестве жизни детей, влияя на их успеваемость, физическую активность, социальные взаимодействия и даже на выбор будущей профессии. Чаще всего близорукость у детей диагностируется в школьном возрасте, когдаребенок начинает испытывать трудности при чтении с доски или выполнении другой деятельности, и замечается, что зрительная нагрузка на расстоянии вызывает дискомфорт из-за ухудшения зрения вдаль.В связи с этим важной задачей является разработка и внедрение методов, которые замедляют или останавливают прогрессирование миопии[8.7]. В этом обзоре рассматриваются различные способы контроля миопии у детей и подростков.
Ортокератология
Ортокератология — это метод коррекции и контроля прогрессирования миопии с использованием специальных “жестких” контактных линз, которые надеваются на ночь. Цель этого метода заключается в создании компрессии на роговице, что позволяет временно выпрямить ее кривизну[3]. Линза с определенной геометрией носится во время сна, а утром удаляется, при этом пациент не требует дополнительной оптической коррекции в течение дня.
Коррекция близорукости до 6 диоптрий достигается благодаря изменению структуры роговицы: истончению эпителия в центральной части и среднего периферического эпителия, а также утолщению стромы[4]. Ортокератология может оказывать влияние на профилактику миопии, однако в настоящее время отсутствуют крупномасштабные рандомизированные исследования, подтверждающие ее эффективность на больших выборках.
Дефокусные линзы для контроля миопии (OKVision PRIMO BIO)
Профилактическое действие мягких контактных линз основывается на механизмах, схожих с ортокератологией (создание периферического миопического дефокуса), однако в отличие от ортокератологии, они не изменяют форму роговицы, не требуют адаптации и при необходимости позволяют использовать обычные очки. У детей и подростков эти линзы не только обеспечивают хорошее зрение, но и способствуют формированию периферического миопического дефокуса, что помогает замедлить прогрессирование миопии[2].
Очковые линзы STELLEST
Оптические методы коррекции миопии, включая очки, являются неотъемлемой частью современной офтальмологии. Использование оптических средств для устранения миопии и создания миопического дефокуса помогает замедлить прогрессирование миопии[9]. Одним из таких решений являются очковые линзы Stellest, оснащенные кольцевыми микролинзами с высокой асферичностью, которые генерируют световой сигнал, замедляющий развитие миопии. Четкость зрения в линзах Stellest обеспечивается за счет однофокальной поверхности линзы, в то время как контроль миопии реализуется благодаря едва заметным микролинзам, расположенным на линзе. Эти линзы содержат более 1000 микролинз, размещенных в 11 концентрических кольцах. Согласно информации от производителя, особенность высокоасферичной формы микролинз заключается в том, что они создают на сетчатке градиентный миопический дефокус, который оказывает более выраженное замедляющее воздействие на рост глаза, по сравнению с плоским дефокусом. Благодаря увеличению оптической силы от центральных к периферийным кольцам, миопический дефокус имеет одинаковую интенсивность как в центре, так и на периферии сетчатки, что способствует стабильно замедляющему эффекту.
Выводы
С учетом постоянно увеличивающейся распространенности миопии по всему миру, крайне важно контролировать ее развитие и прогрессирование у детей. В данном обзоре приведены основные факторы риска, которые открывают возможности для разработки основанных на научных данных методов контроля миопии. Таким образом, эффективный контроль миопии может быть достигнут путем замедления ее начала, что теперь представляется возможным за счет увеличения времени, проводимого на свежем воздухе, сокращения времени, затрачиваемого на близкую работу, а также регулярного чередования учебы и отдыха. Эти профилактические меры должны быть внедрены в школьную практику и в образовательные учреждения, а также широко распространены для повышения осведомленности о факторах риска миопии.
СПИСОК ИСПОЛЬЗУЕМЫХ ИСТОЧНИКОВ
1. Влияние различных средств коррекции миопии на периферическую рефракцию в зависимости от направления взора / Е. П. Тарутта, Н. А. Тарасова, С. В. Милаш, О. В. Проскурина, Г. А. Маркосян // Вестник офтальмологии. – 2019. – 135 (4). – С. 60–69.
2. Padmaja Sankaridurg Contact lenses to slow progression of myopia // Clinical and Experimental Optometry. – 28 July 2017. – №5. – С. 432-437. [PubMed]
3. Lipson M, Boland B, McAlinden C. Vision-related quality of life with myopia management: A review. Contact lens & anterior eye: the journal of the British Contact Lens Association. 2021;0(0):101538. https://doi.org/10.1016/j.clae.2021.101538.
4. Liu YM, Xie P. The safety of orthokeratology–a systematic review. Eye Contact Lens. 2016;42(1):35–42.
5. Chia A, Chua WH, Wen L, et al. Atropine for the treatment of childhood myopia: changes after stopping atropine 0.01%, 0. 1% and 0 5% Am J Ophthalmol 2014; 157: 451-457e451. [PubMed] [Google Scholar]
6. Yi S, Huang Y, Yu SZ, et al. Therapeutic effect of atropine 1% in children with low myopia. J AAPOS 2015; 19:426–429. [PubMed] [Google Scholar]
7.Huang J, Wen D, Wang Q, et al. Efficacy comparison of 16 interventions for myopia control in children: a network meta-analysis. Ophthalmology 2016; 123:697–708. [PubMed] [Google Scholar]
8.Zhao C., Cai C., Ding Q., Dai H. Efficacy and safety of atropine to control myopia progression: a systematic review and meta-analysis. BMC Ophthalmol. 2020; 20: 1-8
9. Tideman J.W.L., Snabel M.C., Tedja M.S. et al. Association of axial length with risk of uncorrectable visual impairment for Europeans with myopia. JAMA Ophthalmol. 2016; 134: 1355-1363
10. Holden BA, Fricke TR, Wilson DA, et al. Global Prevalence of Myopia and High Myopia and Temporal Trends from 2000 through 2050. Ophthalmology. 2016;123(5):1036–1042. [PubMed] [Google Scholar]